ХАНЧЖОУ-ШЫМКЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЦИФРЛЫҚ КӨРМЕДЕ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ХАНЧЖОУ-ШЫМКЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЦИФРЛЫҚ КӨРМЕДЕ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Төртінші Дүниежүзілік цифрлық көрме (World Digital Economy Expo) аясында Шымкент пен Ханчжоу қалалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ортақ келісім цифрлық технология, жасанды интеллект, инновация, инвестиция, туризм және мәдени алмасу салаларында серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Сонымен қатар, халықаралық деңгейде цифрландыру, smart city және қауіпсіз қала бағытында әлемдік көшбасшы – «Dahua Technology», «HikVision» және тағы басқа компанияларының өнімдерімен танысып, өзара алмасулар келісімі де жүргізілді. Бұл келісім Шымкент қаласының инфрақұрылымына заманауи технологияларды енгізуге жаңа серпін береді.

Ханчжоу – 13 млн. халқы бар Қытайдың ең озық, инновациялық қалаларының бірі. Бұл қала – әлемге әйгілі Alibaba компаниясының отаны және цифрлық трансформация мен тұрақты дамудың орталығы.

Халықаралық әріптестік тек экономиканы дамытуға ғана емес, сонымен қатар елдер арасындағы достықты нығайтуға да үлкен үлес қосады.