Шымкент қаласы жеке тұлғаларының мүлік салығындағы өзгерістер жайлы

Шымкент қаласы жеке тұлғаларының мүлік  салығындағы өзгерістер жайлы

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Шымкент қаласының Республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуына байланысты, («Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысының кейбір мәселелері туралы»ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 маусымындағы №702 Жарлығы)Салық кодексіне де түзетулер енгізіліп, Шымкент қаласының мүлік салығы мөлшерлемесі өзгертілгендігін хабарлайды.

Салық кодексінің 529 бабына сәйкес, 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан  бастап, жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу бойынша (Республикалық қала деңгейіне дейін)Шымкент қаласындағы тұрғын үйлер мен саяжай ғимараттарының 1 шаршы метрінің базалық құны көтерілген.

Салық бойынша кесте түріндегі толық ақпаратты, осы сайттың құжаттар бөлімінен алуға болады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/documents/details/74708?lang=kk