«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұжымы белсенді атсалысты.
Қызметкерлер қажетті құралдарын алып, белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қаламыздың табиғи ортасын жақсартуға үлестерін қосты.
Біздің негізгі мақсатымыз – тұрғындар мен қонақтар үшін таза әрі жайлы қала қалыптастыру. Сол себепті барша азаматты қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, туған қаламыздың көркеюіне бірге атсалысуға шақырамыз!