Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен, креативті индустрия саласындағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, қаламыздың креативті индустрия субъектілері арасында байқау өткізілді.
Байқау келесі 10 бағыт бойынша өтті:
– Қыш құмыра
– Зергерлік бұйымдар
– Ағаш өнері
– Киім дизайні
– Киіз және тоқыма өнімдері
– Видеография
– Фотография
– Анимация және кино
– Былғары өнімдері
– Суретшілер
Әр номинацияға арнайы талаптар қойылды. Қатысушылардың жұмыстарын кәсіби комиссия мұқият қарап, бағалады. Байқауға жалпы 19 кәсіпкер қатысты.
Байқаудан 7 жеңімпаз анықталып, салтанатты түрде марапатталды.
🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі