МЮНХЕН ҚАЛАСЫНДА ШЫМКЕНТ ТУРИСТІК БАҒЫТ РЕТІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

МЮНХЕН ҚАЛАСЫНДА ШЫМКЕНТ ТУРИСТІК БАҒЫТ РЕТІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2025 жылғы 27 маусымда Германияның Мюнхен қаласында Шымкенттің туристік әлеуетін таныстыруға арналған іс-шара өтті. Оған Қазақстан Республикасының Германиядағы Бас консулдығының өкілдері, неміс туроператорлары мен туристік сала мамандары қатысты.

Іс-шара барысында Шымкент қаласының туристерге арналған қызметтері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға қала туралы бейнеролик көрсетіліп, туристерді қабылдауға арналған жағдайлар мен қызметтер жөніндегі материалдар ұсынылды. Бұл кездесу шетелдік туризм мамандарына Шымкентті жаңа бағыт ретінде таныстыруға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, 2025 жылдың 27 мамырынан бастап Шымкент пен Мюнхен арасында SCAT әуе компаниясының тікелей рейстері орындала бастады. Аптасына екі рет қатынайтын бұл бағыт Германия мен Қазақстан арасындағы туристік байланыстарды жандандыруға ықпал етеді.