КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ: АДАМДАР, ИДЕЯЛАР ЖӘНЕ КЕҢІСТІК

КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ: АДАМДАР, ИДЕЯЛАР ЖӘНЕ КЕҢІСТІК

Шымкент қаласында қала күні мерекесі аясында «Креативті индустрияны дамыту: адамдар, идеялар және кеңістік» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараға еліміздің әр өңірінен креативті индустрия саласының мамандары мен шығармашыл жастар қатысты.

Қонақтар «Shymkent Creative Hub» кеңістігімен танысып, бірнеше шығармашылық бағыттағы іс-шараларға қатысты:

– «Сақ» анимациялық киностудиясының фильмдері таныстырылды;
– зергерлік және әшекей бұйымдар жасау бойынша шеберлік сағаттары өтті;
– құрақ көрпе тігу бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды;
– отандық дизайнерлердің сән көрсетілімі өтті;
– шоу-рум жұмысы таныстырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы «Janna Eltanova» дизайнерлік тоқыма және киім өндірісі цехына барып, өндіріс процесімен танысты.

Кешкісін қатысушылар қала күніне арналған «Toi Duman» гала-концертіне қатысты.

Бұл басқосу — шығармашылық идеялар мен тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестіктер құруға жол ашқан маңызды алаң болды.

🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі