ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында Қырғыз Республикасының Құрметті консулдығының ашылу салтанаты өтті. Бұл оқиға Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды дипломатиялық қадам болды.

Салтанатты шараға Ош қаласы әкімінің бірінші орынбасары Адилет Шаршеналы уулу, Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Женишбек Асанкулов, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, сондай-ақ қос елдің бірқатар іскер топ өкілдері қатысты.

Консулдықтың ашылуы екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуге, инвестиция тартуға, логистикалық жобаларды дамытуға, жастар бастамаларын қолдауға мүмкіндік береді. Құрметті консул болып Талғат Айтбаев тағайындалды.

Сондай-ақ, 2025–2028 жылдарға арналған Шымкент пен Ош қалалары арасындағы ынтымақтастық Жол картасы таныстырылып, бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Ресми делегация Шымкенттің ірі кәсіпорындары – «Alageum Electric», «Aqua Rossa», «Smart Group» өндірістік нысандарын аралап көрді.

Бұл шара – екі бауырлас қалалар арасындағы тату көршілік пен сенімді серіктестіктің жарқын көрінісі.

🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі