DUALЭST КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

DUALЭST КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Асылов Қуаныш Жұмабекұлының қатысуымен «DUALЭST» компаниясы өкілдерімен Шымкент қаласында туристік бизнесті дамыту мақсатында кездесу өтті. Кездесу барысында қонақ үй бизнесі мен франшиза бағытындағы жаңа «Смородина» жобасы таныстырылды.

Іс-шарада франшизаның негізгі талаптары, қонақ үй желісін дамыту стратегиясы және серіктестерге арналған қолдау тетіктері ұсынылды. Аталған жоба Шымкент қаласындағы туристік бизнесті дамытуға серпін беріп, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашпақ.

🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі