ШЫМКЕНТ ПЕН ОШ ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

ШЫМКЕНТ ПЕН ОШ ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

Шымкент қаласы әкімдігі мен Ош қаласының мэриясы арасында 2025–2028 жылдарға арналған екіжақты қатынастарды дамыту және бірлескен бастамаларды іске асыру жөнінде ынтымақтастық Жол картасы түзілді. Құжат аясында мәдени-гуманитарлық, экономикалық, инвестициялық, туризм және жастар арасындағы жобаларды бірлесе жүзеге асыру көзделіп отыр.

Салтанатты шараға Ош қаласы әкімінің бірінші орынбасары Адилет Шаршеналы уулу, Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Женишбек Асанкулов, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов және екі елдің бірқатар кәсіпкерлері қатысты.

🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі