Меню
Страницы

ШЫМКЕНТ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ SMART ӘЖЕТХАНАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ SMART ӘЖЕТХАНАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкентте «Мирас» университетінің «MIRAS TAZALYQ» инновациялық жобасы қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Қоғамдық орындарға қойылған SMART дәретханалар заманауи технологиялармен жабдықталған және еуростандартқа сай келеді. 

Жобаның басты мақсаты — қалаға заманауи және экологиялық шешімдер енгізу. Әжетханалар қауіпсіздік талаптарына сай жасалған. Терезе түсі арқылы іште адам бар-жоғын анықтау мүмкіндігі тазалық жұмыстарының да сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Әжетханаға кіру үшін QR код арқылы төлем жасау қажет. Ішіндегі терезелер адамның кіріп-шығуына байланысты автоматты түрде күңгірттеніп, қайта мөлдірленеді. Сондай-ақ, ауа тазартқыш тұрақты қосулы, жазда салқындатқыш, қыста жылы еден жұмыс істейді. Су үнемдейтін және сенсор арқылы іске қосылатын құрылғылар орнатылған. 

Қазіргі таңда мұндай әжетханалар қалада екі жерде (Тәуке хан 2 а және «Спутник» сквері) орнатылып, қолданысқа берілді. Алдағы уақытта  аталған SMART дәретханалардың саны қаламызда артатындығы жоспарланып отыр.

Социальные медиа
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты