Меню
Страницы

«OPEN AIR SHYMKENT FEST – 2024»: ҰМЫТЫЛМАС МЕРЕКЕЛІК КЕШ!

«OPEN AIR SHYMKENT FEST – 2024»:  ҰМЫТЫЛМАС МЕРЕКЕЛІК КЕШ!

21 желтоқсан күні  Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін есте қаларлық оқиғаларға толы мерекелік кеш өтті. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген «OPEN AIR SHYMKENT FEST – 2024» фестивалі жаңа жыл алдындағы көңіл-күй сыйлайтын ерекше ең әсерлі және жарқын шара болды. 

Фестиваль елімізде алғаш рет ұйымдастырылған технология мен өнердің таңғажайып үйлесімі - лазер шоумен басталды. Жарық пен әсемдікке толы бұл көрініс көрермендерді таң қалдырып, әрбір сәулесі жүректерге шабыт сыйлады. 

Келесі кезекте, көпшіліктің асыға күткен жаңа жылдық шыршаның жағылу рәсімі өтті. Тамаша кеш қызық пен таңданысқа толы от шоумен жалғасын тауып, сахналық өнер мен ерекше техниканың үйлесімі көрермендерді керемет әсерге бөледі. 

Сонымен қатар, қаланың орталық көшелерімен өткен Coca-Cola жаңа жылдық керуені мерекелік сән-салтанатымен көпшілікті қуантты. Әсем безендірілген керуен қала көшелеріне ерекше жылулық пен мерекелік атмосфера сыйлады. 

Кештің басты бөлімі еліміздің жарық жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды. Танымал әншілердің өнері жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында алдағы уақытта да осындай мерекелік іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Бұл кеш тек Шымкенттің ғана емес, барша жиналған қауымның жүрегін мейірім мен қуанышқа толтырды.

Баршаңызға, мерекеге қатысып, оны жандандыра түскен әрбір жанға шексіз алғысымызды білдіреміз!

Социальные медиа
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации