Мемлекет басшысы «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй кешеніне барды
Бұл жерде жыл соңына дейін 35 көппәтерлі тұрғын үй бой көтермек.
Баспаналар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға беріледі, сондай-ақ мемлекеттік ипотека бағдарламалары арқылы сатылады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа ескі үйлерді бұзу жұмыстары жөнінде баяндалды.
Реновация бағдарламасы аясында бүгінге дейін 248 отбасы апат алдындағы үйлерден жаңа баспаналарға көшірілген. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 604-ке дейін жеткізу көзделіп отыр.