«ШАҢЫРАҚ» ОРТАЛЫҒЫНДА БАСПАНА АЛУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«ШАҢЫРАҚ» ОРТАЛЫҒЫНДА БАСПАНА АЛУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін Шымкент қаласындағы «SHANYRAQ» отбасы институтын қолдау орталығында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» кеңесшілері Оразалы Әбдуманап, Гүлнұр Жулдиева тұрғын үйге мұқтаж көпбалалы аналармен кездесті. Ондағы басты мақсат – тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан ұсынылған мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен түсіндіру.
Банк өкілдері кезекпен үй алу үшін кемінде 7 жыл күту қажет екенін, жылдам үй алу үшін ипотекалық түрлі бағдарламалар бар екенін баяндады. Мәселен, «Бақытты отбасы», «Өз үйім», «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй алғысы келген азаматтарға бағдарлама шарттары түсіндірілді.
Атап айтқанда, «Өз үйім» – жаңа үйден пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін жеке бағдарламасы, «Бақытты отбасы» – табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін несие беру бағдарламасы, салымшыларға нарықтағыдан төмен бағамен жаңа пәтер мен жер үйді сатып алуға мүмкіндік беретін «Нұрлы жер» бағдарламасының шарттары жөнінде толық мағлұмат берілді.
Кездесуге қатысқан 18 ана өз сұрақтарына жан-жақты жауап алды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі