
Шымкент қалалық Газ-техникалық қызметі КММ-де жұмыс отырысы өтті
🔷 Шымкент қаласының Тұрғын үй басқарма басшысының м.а Көпжан Кенжеханұлы және Шымкент қалалық Газ-техникалық қызметі КММ-нің басшысымен,мекеме қызметкерлерімен бірге жұмыс отырысын өткізді.
🔷 Жиында жұмыс жоспарына сәйкес алдағы кезеңде атқарылатын негізгі міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Атап айтқанда, алдағы жылу маусымына дайындық барысы сараланып, газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
🔷 Сонымен қатар, табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау, газ тұтыну жүйелеріндегі ақаулардың алдын алу, тұрғындар арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔷 Жылу маусымы кезеңінде тұрғын үйлердегі газ жабдықтарының техникалық жай-күйін бақылау, мұржалар мен желдету арналарының жарамдылығын тексеру, сондай-ақ газдан улану және өрт оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстар пысықталды.
🔷 Бұдан бөлек, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдау, қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілерінің алдын алу және халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Құрметті қала тұрғындары !!!
Оқыс оқиғалсрдың алдын алу және адам өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында газ жабдықтарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.
🔷 Газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыздар, ақаулы немесе өз бетінше жөнделген газ жабдықтарын пайдаланбаңыздар. Мұржа мен желдету арналарының тартуын тұрақты түрде тексеріп, газ иісі сезілген жағдайда газ құрылғыларын дереу өшіріп, үй-жайды желдетіп, авариялық қызметке хабарласыңыздар.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – төтенше жағдайлардың алдын алудың басты кепілі!