ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 50 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 50 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 50 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

🔷 Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Бүгін баспана кезегінде тұрған және жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларына қатысқан тағы 50 отбасы жаңа пәтерге ие болды.

🔷 Салтанатты кілт табыстау рәсімі Көрме орталығында өтті.

🔷 Пәтерлер «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары аясында беріліп, баспаналарды жеңілдетілген ипотека жүйесі арқылы төлем қабілеттілігін растаған азаматтар алып отыр.

🔷 Пәтер иелерінің қатарында көп балалы отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар.

🔷 Айта кету керек, қалада тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту және жеке баспана алудың мүмкіндігін кеңейту бағытындағы кешенді жұмыс жалғасып жатыр.

🔷 Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру баспана кезегінде тұрған азаматтар санын кезең-кезеңімен азайтып, қала тұрғындары үшін жайлы өмір сүру жағдайын жасауға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі