"Жұмыс істеп жүрген жастарға" сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үй бағдарламасы

"Жұмыс істеп жүрген жастарға" сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үй бағдарламасы

🔷 "Жұмыс істеп жүрген жастарға" сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үй бағдарламасы талаптарына сәйкес тұрғынжайлар сатып алу құқығынсыз жалға берілген.

🔷 Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы №318 бұйрығына сәйкес бекітілген «жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру» қағидаларының 1-тарау 2-2 тармағына сәйкес сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай – Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз ақылы пайдалануға берілетін тұрғынжай деп көрсетілген.

🔷 Қағиданың 2 тарау 10 тармақшасына сәйкес Уәкілетті орган және бағдарлама қатысушысы арасында жыл сайынғы жинақтау шегіне жеткен жағдайда, жыл сайын 3 (үш) жылға дейін ұзарту шартымен 1 (бір) жыл мерзімге шарт жасалады.

🔷 Қағидаға сәйкес жыл сайынғы жинақтау шегі – жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай қатысушылары келісім шарт негізінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі жылдық жинақ шоты, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі айлық есептік көрсеткішке сәйкес кемінде 170 (жүз жетпіс) еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жылдық жинақ шотында (депозитте) жинақталған ақша сомасы.✅
2 тарау 11 тармақшаға сәйкес Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай – 3 (үш) жылдан артық емес мерзімге беріледі және жекешелендіруге жатпайды.

♦️ Қазіргі таңда бағдарлама бойынша пәтерлер беріліп жатқан жоқ.