КЕЗЕКТЕГІ АЗАМАТТАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

КЕЗЕКТЕГІ АЗАМАТТАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

КЕЗЕКТЕГІ АЗАМАТТАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

🔷 Шымкент қаласында жаңа шағынаудандарды қоныстандыру қарқынды жалғасуда. Тұрғын үй бағдарламасын іске асырудың кезекті ретінде 30 отбасыға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.

🔷 Салтанатты рәсім «Көрме» орталығында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өтті. Мегаполис басшысы қала тұрғындарын жеке құттықтап, баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешудегі жүйелі жұмыстың маңызын атап өтті.

🔷 Айта кетейік, заманауи көп қабатты үйлердегі пәтерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, толық емес отбасыларға, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға табысталды.

🔷 Асар-2 шағынауданындағы барлық үй инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген және қоныстануға дайын. Пәтерлермен қамтамасыз ету жұмысы жоспарлы түрде жалғасатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі