
ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 30 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙДЫ
🔷 Шымкент қаласында жалдамалы пәтерлерді бөлудің кезекті кезеңі өтті. Баспана кезегінде тұрған 30 отбасыға жаңа пәтерлер табысталды.
🔷 «Көрме» орталығында өткен салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету әлеуметтік саясаттың тұрақты бағыттарының бірі екенін атап өтті.
🔷 Бұл бағыттағы жұмыс нысандардың дайын болуына және тиісті құжаттардың рәсімделуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
🔷 Айта кету керек, жаңа пәтерлер мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға берілді.
🔷 Көп қабатты үйлер Асар-2 және Тұран шағынаудандарында орналасқан. Тұрғын кешендер инженерлік желілермен және тиісті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген, қоныстануға дайын.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі