
ЖАЙЛЫ ӨМІРГЕ ҚАДАМ: ТАҒЫ 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
🔷 Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында пәтер кілтін табыстау рәсімі өтті. Баспанала кезегінде тұрған 25 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды.
🔷 Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс той иелерін құттықтап, қолжетімді үймен қамтамасыз ету мәселесі қаладағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
🔷 Пәтерлер ерекше әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға арналған. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен тұлғалар бар. Тапсырылған үйлер Асар-2 және Тұран шағынаудандарында орналасқан және қоныстануға толық дайын.
🔷 Айта кету керек, пәтер беру рәсімі белгіленген тәртіпке сәйкес және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Мегаполисте жыл басынан бері кезекте тұрған азаматтарға 347 жалдамалы пәтер берілді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі