ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА 203 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА 203 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА 203 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

🔷 Жаңа жыл қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 203 отбасы қоныс тойын тойлады. Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады.

🔷 Ұлық мереке қарсаңында пайдалануға берілген Бозарық шағын ауданында орналасқан баспаналарды тұрғын үй кезегіндегі азаматтар Отбасы банк арқылы «2-10-20», «5-10-20» бағыттары бойынша несиелік негізде рәсімдеген. Жаңа қоныстанушылар арасында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.

🔷 Бүгінде мемлекеттік бағдарлама аясында «Отбасы банк» АҚ арқылы 444 пәтерлік 12 көпқабатты тұрғын үйге конкурс өткізілді. Қалған пәтерлер азаматтардың төлем қабілетілігін тексерілгеннен кейін бөлінетін болады.
🔷 Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар халқымыздың жайлы өмір сүруіне тікелей бағытталуда.