ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАҒА СУБСИДИЯ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін төлемдер мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен 50 % және алушылардың есебінен 50 % тепе-теңдік негізде жүзеге асырылады.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау тәртібі.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды тағайындау мен ол үшін төлемдер кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасында есепте тұрған мынадай азаматтардың жекелеген санаттарына жүзеге асырылады:
- бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа жетпеген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
Көрсетілетін қызметтерді алушыға (үміткерге) қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматты болу;
- тұрғын үйге мұқтаж ретінде Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасында есепте тұру;
- отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы.
Отбасының құрамына байланысты жалға алынған тұрғынжайдың жалпы алаңына төлемдерді жүзеге асыру үшін мыналарға рұқсат етіледі:
1) отбасы мүшелерінің саны 1-ден 3-ке дейінгі отбасы үшін – 40 шаршы метрден артық емес;
2) отбасы мүшелерінің саны 4-тен 5-ке дейінгі отбасы үшін – 60 шаршы метрден артық емес;
3) отбасы мүшелері саны 6 және одан көп обасы үшін – 80 шаршы метрден артық емес.
Төлемдерді жүзеге асыру мынадай жағдайлар туындаған кезде тоқтатылады:
- алушының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұқтаж деп танылған тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтуы;
- алушының төлемдерді алудан бас тартуы;
- алушыны жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған, тұрып жатқан тұрғынжайдан шығару;
- алушы басқа тұрақты тұрғылықты жерге кеткен жағдайда;
- қайтыс болған жағдайда, төлемдерге құқық, егер бұл ретте оларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін негіздер жойылмаса, онымен бірге есепте тұрған отбасы мүшелеріне ауысады;
- кезекте тұрушының жалға алу (жалдау) шартында көрсетілген мекенжай бойынша тұрмауы;
- нақты емес және жалған мәліметтер беру;
- жақын туыстарынан тұрғынжайды жалға алу фактісі анықталған жағдайда.