ЕЛІНЕ ҚОРҒАН БОЛҒАН ЕРЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ!

ЕЛІНЕ ҚОРҒАН БОЛҒАН ЕРЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ!

7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға Тұран ауданы әкімінің орынбасары Мелдебеков Бахыт Қорғамбайұлы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлім командирі, подполковник Нұрлан Рабдалыұлы Сакибеков қатысып, Қарулы күштер, құқық қорғау және азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтады.

Ел қорғаушылары — мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін берік тірек. Бейбіт өмірдің қадірін түсінетін әрбір азамат үшін бұл мерекенің маңызы зор. Бұл күн жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлік пен адалдыққа тәрбиелейтін маңызды мереке.

Салтанатты шара барысында мінсіз қызметімен ерекшеленген қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Мереке соңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарлама ұсынылды.