Бүгін Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Оқушылар сарайында «Бейбітшілік – ел тілегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Бұл шара еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің татулығы мен достығын дәріптеп, бірлік пен бейбітшіліктің маңызын айқындады.
Мерекелік іс-шара барысында:
- Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, әр этнос өз дәмділерін ұсынды;
- Түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киімдердегі дефилесі көпшіліктің көңілінен шықты;
- Аудан әкімінің алғыс хаттарымен қаламыздың дамуына атсалысып жүрген қызметкерлер марапатталды.
Бұл – еліміздегі халықтар достығының, өзара түсіністік пен құрметтің айқын көрінісі болды. Бірлігіміз бекем, бейбіт күніміз баянды болсын!