«ҮЗДІК САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ» КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ
🔹Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды мемлекеттік қызметші күніне арналған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырады.
🔹Аталған Конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарлануының негіздерін нығайту болып табылады.
📌Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызмет туралы презентация немесе бейнеролик.
📍Конкурсты өткізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі ақпарат әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған.
https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/834992?lang=kk
🔸Құжаттарды қабылдау 05.05 - 15.05.2025ж. бастап жүзеге асырылады.
🔸Құжаттарды жіберу үшін байланыстар: 8 (7252) 53-74-59, 8 7 701 239 85 85
Memgyzmet17@outlook.com