ТҰРАН АУДАНЫНДА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ТҰРАН АУДАНЫНДА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Жалпы, 2025 жылы Тұран ауданында 35 көшеге ұзындығы 21,1 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы салынады.

Қазіргі таңда, Құлагер шағын ауданындағы Керімағаш, Құтарыс, Ботақара және Құрсай шағын ауданындағы Ақойман, Балағаш, Ақторы көшелерінде жаяу жүргіншілер жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жаңа жаяу жүргіншілер жолдары пайдалануға беріледі.