АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Қала әкімінің кезекті жеке қабылдауында 25 тұрғынның денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары және абаттандыру салаларына қатысты өзекті мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, аулалардың инфрақұрылымы, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қала басшысы азаматтардың талап-тілектері мен ұсыныстарын назарға алып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Барлық мәселелер белгіленген мерзімдермен бақылауға алынып, өтініш иелеріне тапсырмалардың орындалу барысы туралы кері байланыс жасалады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі