ТҰРАН АУДАНЫ: «МЕТАЛЛУРГ» САЯБАҒЫНА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ТҰРАН АУДАНЫ: «МЕТАЛЛУРГ» САЯБАҒЫНА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Металлург» саябағына ағаш көшеттері отырғызылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл өлке» науқаны бойынша ағаш көшеттерін егу жұмысына «Шаншар» театрының жұлдыздары, Тұран ауданы әкімі аппаратының және коммуналдық мекеме қызметкерлері, белсенді азаматтар атсалысты.
Қазіргі уақытта қала бойынша барлық аумақтарда ағаш егу жұмыстары жүргізілуде. Ал, Металлург саябағына 100-ге жуық каштан, ерен және қарағаш көшеттері отырғызылды.