Тұран ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде іске асырылып келеді. Осыған орай, Экологиялық полиция қызметкерлері мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері бірігіп рейдтік іс-шара ұйымдастыруда.
Нәтижесінде, белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған, ластаған және тыйым салынған тұрмыстық қатты қалдықтарды тастаған орындар анықталып, тәртіпсіздік жасаған тұрғындарға айыппұл салынды.
Мұндағы басты мақсат – қоқыс тастаудың өзіндік мәдениетіне баулу.
Айта кетейік, «Әкімшілік құқық бұзушылық» Заңының 505-бабына сәйкес, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша тәртіпсіздік жасалу нәтижесінде:
1-ші рет ескерту н/е 20 АЕК (69 000 тенге) айыппұл салынады;
2-ші рет қайталанса 30 АЕК (103,500 тенге) айыппұл салынады.
Сонымен қатар, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы»
Заңының 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша тәртіпсіздік орын алса:
1-ші рет 5 АЕК (17 250 тенге) айыппұл салынады;
2-ші рет қайталсанса 10 АЕК (34500 тенге) айыппұл салынады!
Құрметті, қала тұрғындары!
Қала тазылығы – баршамызға ортақ міндет. Сол себепті, Сіздерді қоршаған ортаға жанашырлық танытуға, қоғамдық орындарда тазалық сақтауға шақырамыз!