К. МАРКС ЖӘНЕ ҚАЗЫҒҰРТ Ш/А ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

К. МАРКС ЖӘНЕ ҚАЗЫҒҰРТ Ш/А ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін аудан әкімі К. Маркс және Қазығұрт шағын аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге аудан әкімімен қатар, бірқатар басқарма мен тиісті сала мамандары қатысып, тұрғындардың көтерген мәселелері тыңдалып, сауалдарына нақты жауаптар берілді.

Кездесу барысында тұрғындар көше жарықтарының жиі өшуі, қатты тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылмауы, мәдениет үйлерін салу, балалар ойын алаңдарын көбейту және шағын аудандардың инфрақұрылымын жақсартуға қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Аудан әкімі тұрғындардың әрбір мәселесіне жеке тоқталып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелердің орындалуы бақылауға алынып, жұмыстар белгіленген тәртіппен кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.