
Тұран ауданында тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, аумақтар ретке келтірілді. Абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау, жасыл желектерді күтіп-баптау және инфрақұрылым нысандарын қалыпқа келтіру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Аудан аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде бірқатар мәселелер оң шешімін тауып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.