
Іс-шара барысында тұрғындардың көтеріңкі көңіл-күйін қалыптастыруға бағытталған мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, мерекелік атмосфера сыйланды. Қала тұрғындары мен қонақтары іс-шараға белсенді қатысып, мерекелік көңіл-күймен бөлісті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайту, туған қалаға деген мақтаныш сезімі мен сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ Қала күні мерекесін кең көлемде атап өту болды.
Тұран ауданы әкімі аппараты барша шымкенттіктерді Қала күні мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, молшылық пен толағай табыс тілейді.