Қала әкімі тұрғындармен өткен көшпелі кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша берілген тапсырмаларды орындау жұмыстары Тұран ауданы әкімі тарапынан тұрақты бақылауға алынып, жүзеге асырылуда.
🔷Аудан әкімі аталған тапсырмалар аясында көпқабатты тұрғын үйлердегі кәсіпкерлік нысандарының қызметі, коммуналдық қызметтердің жұмысы, қаңғыбас және қараусыз жануарларға қатысты шаралар, аулаларды абаттандыру және кәріз жүйелерін ретке келтіру бағытындағы мәселелерді жеке бақылауына алды.
Сонымен қатар тұрғын үйді жаңғырту және реновация бағдарламаларының шарттары, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, балалар және спорт алаңдарын жаңарту, бейнебақылау камераларын орнату, көпқабатты үйлердегі тозған лифт жабдықтарын ауыстыру мәселелері бойынша тиісті жұмыстар аудан әкімі тарапынан қадағалануда.
Аудан әкімі тұрғындардан түскен барлық өтініштерді жан-жақты зерделеу, нақты шешімдер қабылдау және орындалуын қатаң бақылауда ұстау бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма берді.
🔷Тұрғындармен кері байланысты нығайту және көтерілген мәселелерді жедел шешу жұмыстары тұрақты бақылауда болады.