ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізіп, азаматтардың өтініш-тілектерін қарады және ауданның дамуына қатысты өзекті мәселелерге жауап берді. Тұрғындар бірінші кезекте шешуді қажет ететін бірқатар өзекті проблеманы көтерді.

🔷 Олардың қатарында көп қабатты үйлердегі кәсіпкерлік нысандардың қызметі, коммуналды қызметтердің жұмысы, қаңғыбас және қараусыз жануарларды аулау тәртібі, аула аумақтарын абаттандыру және кәріз желілерін тарту мәселелері бар.

🔷 Сонымен қатар, тұрғын үйді жаңарту және реновациялау бағдарламаларын іске асыру, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, балалар және спорт алаңдарын жаңарту мәселелері де талқыланды.

🔷 Тұрғындар аулаларға қосымша бейнебақылау камераларын орнату, көп қабатты үйлердегі жарамсыз лифтілерді ауыстыру, Жаңаталап шағынауданында учаскелік полиция пунктін ашу қажеттігін атап өтті.

🔷 Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі мен тиісті басқарма басшыларына барлық өтінішті жан-жақты зерделеп, нақты шаралар қабылдау және олардың орындалуын бақылауға алу тапсырылды.

🔷 Мегаполис басшысы халықпен тұрақты кері байланыс орнатудың және көтерілген мәселелерге жедел әрекет етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.