ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ: БАЛАЛАР ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ: БАЛАЛАР ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ

Шымкент қаласының аудандарында аула инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыс қолға алынған.

Бұл жұмыстар қала әкімінің көшпелі кездесулерінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер, әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштер және қаланы аралау барысында берілген тапсырмалар негізінде жүзеге асырылуда.

Тұрғындар өтінішінің бір бөлігі балаларға арналған ойын және спорт алаңшаларын ретке келтіруге байланысты. Осыған байланысты аудандардағы алаңшаларда сынған және жарамсыз элементтерді қалпына келтіру, ретке келтіру жұмысы қарқынды жүргізілуде.

Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарын ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарауды, инфрақұрылым жүйесіне күтіммен қарап, ұқыпты ұстауға шақырамыз.

Туған қаламыздың дамуы – әрқайсымызға байланысты.