ТҰРАН: АЯҚЖОЛДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҰРАН: АЯҚЖОЛДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

🔷 Тұран ауданында тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыс жүйелі жалғасуда. Аудан аумағында жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымды дамыту мақсатында аяқжол құрылысына ерекше көңіл бөлінуде.

🔷 2025 жылы аудан бойынша 36 көшеге жалпы ұзындығы 21,1 шақырымды құрайтын аяқжол салынып, тұрғындардың күнделікті қатынауына қолайлы жағдай жасалды. Нәтижесінде көшелердің келбеті жақсарып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі артты.

🔷 Ал 2026 жылы аудан аумағындағы 24 көшеге жалпы ұзындығы 21,8 шақырым аяқжол салу жоспарлануда. Бүгінде тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен басталып кетті.

🔷 Бұл жобалар аудан инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.