ТҰРАН | ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

ТҰРАН | ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Асылжан Дәулетханұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға 10-ға жуық тұрғын қатысып, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлік, жер мәселесі, көршісіне қатысты шағымдар, қураған ағаштарды кесу секілді бірқатар мәселелер көтерілді.

Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері тыңдалып, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, хаттама толтырылды.