
Тұран ауданында өткен сенбілікке мемлекеттік мекемелер, ұйымдар және аудан тұрғындары белсенді түрде қатысты. Тазалық жұмыстарына жалпы 8720 адам, 117 техника жұмылдырылып, 133,8 тонна қоқыс шығарылды.
Сенбілік барысында аумақтарды абаттандыру мен санитарлық тазалыққа ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, қураған ағаштар мен бұтақтар кесіліп, шөптер орылып, газондар ретке келтірілді. Балалар ойын алаңшалары сырланып, тротуарлар мен ирригациялық жүйелер тазаланды. Сонымен қатар, бетон қалдықтары шығарылып, және көріктендіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл сенбілік – қоршаған ортаны қорғауға, қаланың тазалығы мен көркін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.