ТҰРАН: АУҚЫМДЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК

ТҰРАН: АУҚЫМДЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Тұран ауданында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік ауданның 6 аумағында өткізіліп, оның ішінде ең ауқымдысы Самал-1 ш/а Өтегенов–Алтынжол көшелерінің қиылысында өтті. Бұл аумақтарда қарқынды тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға аудан аумағындағы кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандардың қызметкерлері мен тұрғындар белсене қатысып, жалпы 7 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарына 70-тен астам арнайы техника тартылып, нәтижесінде 77,9 тонна қоқыс жиналып, Ақтас полигонына шығарылды.

Таза қала – баршамызға ортақ жауапкершілік!