ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТҰРАН АУДАНЫНДА ӨТТІ

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТҰРАН АУДАНЫНДА ӨТТІ

Тұран ауданында сенбілік жұмыстары 6 аумақта жүргізілді. Оның ішінде ең ауқымдысы Бадам өзенінің бойында өтті.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған шараға тұрғындар, мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жастар белсене қатысты.

Сенбілік жұмыстарына 60-қа жуық арнайы техника жұмылдырылып, өзен жағалауы мен айнала аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар өз аумақтарын тазалап, акцияға қолдау көрсетті.

Аудан тұрғындары қоршаған ортаның тазалығы мен табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосып, қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға бірлесіп атсалысты.