
🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби және Тұран аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізді. Қала тұрғындары бірқатар өзекті әрі әлеуметтік маңызы бар мәселені көтерді.
🔷 Тұрғындар ерекше күтім қажет ететін азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру, қоғамдық кеңістіктерді дамыту, бейнебақылау камераларын орнату, баспана беруде кезекті сақтау, сондай-ақ, көп қабатты үйлерді жылумен қамтамасыз ету және жаңарту мәселелерін жеткізді.
🔷 Сонымен қатар, жер қатынастары, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдері мен автотұрақтарды ұйымдастыру, маңдайшаларды қаланың бірыңғай дизайн-кодына сәйкес рәсімдеу, аулаларды абаттандыру және көгалдандыру мәселелері де көтерілді.
🔷 Кездесу барысында тұрғын алаптардағы жаңа үйлерге газ жеткізу, мәдениет үйлерін салу, дренаж және суағар жүйелері де талқыланды.
🔷 Сындарлы диалог барысында мегаполис басшысы жауапты тұлғалармен бірге тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты түсіндірме берді. Аудан әкімдері мен басқарма басшыларына келіп түскен өтініштердің орындалуын бақылау тапсырылды.