
Бүгін Тұран ауданы Жаңаталап шағын ауданы тұрғындарымен кезекті кездесу өткізілді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан үй құжаттарының заңдылығы, табиғи ауыз су, бейнебақылау орнату, қаңғыбас иттер мәселелері бойынша сұрақтар көтерілді.
Көтерілген сұрақтар бойынша нақты жауаптар ұсынылып, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер бақылауға алынып, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.