ТҰРАН АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

ТҰРАН АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

 

Бүгін Тұран ауданы әкімінің орынбасары Бахыт Мелдебеков азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан балалар ойын алаңшасын орнату, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын асфальттау, кейбір көшелердің атауларын нақтылау, сондай-ақ басқа да инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Әрбір өтініш мұқият қаралып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Көтерілген мәселелер тиісті бақылауға алынып, олардың шешу жолдары заңнамаға сәйкес жан-жақты талқыланды.