
Бүгін Тұран ауданы әкімінің орынбасары Балганов Дәурен аудан тұрғындарын жеке қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй кезегі, құжаттарды рәсімдеу, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, спорт алаңшасының жай-күйі, қоқыс жәшіктерін орнату сияқты бірқатар мәселелерді көтерді.
Қойылған сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.