
🔷 Шымкент қаласының Тұран ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар биыл қарқынды жүргізілуде. 2025 жылы аудандағы 251 көшеге жаңа асфальт төсеу жоспарланған.
🔷 Оның ішінде ұзындығы 18,6 шақырым 22 көше орташа жөнделіп, жолдың негізгі қабатын нығайтылады, инженерлік жүйелер ретке келтіріліп, жол қауіпсіздігінің талаптары күшейтіледі. Ал 100 шақырымға жуық 229 көшеге жаңа асфальт жабыны төселеді.
🔷 Бүгінге дейін 40 көше (34,5 шақырым) ағымдағы жөндеуден өтіп, асфальттың бірінші қабаты төселді. Мердігер мекемелер жұмысты белгіленген мерзімнен кешікпей, сапа талаптарына сай атқаруда.
🔷 Жыл соңына дейін ауданда жоспарланған барлық көшеге толық асфальт төселіп, жол инфрақұрылымы бойынша көрсеткіш 100 пайызға жеткізіледі.