АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің аппаратында жаңа тағайындау болды. 2025 жылдың 10 желтоқсанында Тұран ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Балганов Даурен Сыдыкович тағайындалды.
 
Балганов Даурен Сыдыкович
1988 жылдың 15 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жігерген елді мекенінде дүниеге келген.
 
Білімі:
 
2007–2011 жж. — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Информатика (бакалавр)
2011–2013 жж. — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету (магистр)
2016–2022 жж. — Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті
Мемлекеттік және жергілікті басқару (бакалавр)
Құқықтану (бакалавр)
 
Еңбек жолы:
 
23.09.2011 – 04.04.2018 — Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы университетінің Ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы
09.04.2018 – 19.08.2018 — Шымкент қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің көріктендіру секторының бас маманы
20.08.2018 – 08.03.2021 — Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының электр қуаты және сыртқы жарықтандыру бөлімінің бас маманы
09.03.2021 – 31.08.2022 — Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының ауыз сумен және кәрізбен қамтамасыз ету бөлім басшысы
19.10.2022 – 09.12.2025 — Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі аппаратының Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы
10.12.2025 бастап — Тұран ауданы әкімінің орынбасары