
Иляев көшесінің бойында кәріз жүйесін жүргізу барысында атқарылған құрылыс жұмыстары белгіленген талаптарға толық сәйкес келмеген.
Аталған көшеде «Су Ресурстар Маркетинг» ЖШС инвестициялық жоба аясында ескірген кәріз жүйесін қайта құру жұмыстарын жүргізген болатын. Жоба барысында аяқ жолға жаңа асфальт қабаты төселген.
Алайда төселген асфальт құрылыс нормаларына сай келмегені анықталды. Осыған байланысты мердігер мекемеге сапасыз асфальтты алып, орнына талапқа сай жаңа қабат төсеу жөнінде тапсырма берілді. Қазіргі таңда аталған жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар, құрылыс талаптарын сақтамағаны үшін мердігер мекемеге құзырлы орган тарапынан тиісті шаралар қолданылды.