
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Дәулетханұлы «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында Тұран ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғын үй кезегі, Айқап көшесінде жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің құрылысы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарларды сату мәселелері талқыланды.
Кездесу нәтижесінде хаттама түзіліп, көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді. Тұрғындардың өтініштері бақылауға алынды, ал шешімдер уақытылы орындалуы қадағаланады.