ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУДА!

ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУДА!

 

Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында аудан аумағындағы әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарға кешенді түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында пандустардың талапқа сәйкестігі, кіреберіс жолдардың жай-күйі, санитарлық бөлмелердің жабдықталуы және басқа да инфрақұрылымдық жағдайлар зерделенді.

Аталған жұмыс мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың еркін қозғалуына, қызметтерге еш кедергісіз қол жеткізуіне мүмкіндік беретін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.