
🔷 Шымкент қаласы Тұран ауданындағы көп қабатты үйлердің аулаларында қосымша жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Мұндағы мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету.
🔷 Тиісті жұмыстың нәтижесінде аула аумақтарына барлығы 238 жаңа жарық шамы орнатылды.
🔷 Бұл жарық шамдары тұрғындардың кешкі уақытта еркін жүріп-тұруына жағдай жасап, балалардың ойын алаңдарындағы қауіпсіздігін арттыруға, жалпы ауданның көркі мен қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға сеп болады.