Бүгін Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Атап айтқанда, Иляев көшесінің бойындағы кәріз жүйесінің құрылысымен танысып, нысандағы жұмыс қарқыны мен сапасына назар аударды.
Әкім құрылыс барысында мердігер мекемеге бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жобаны белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды міндеттеді. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.
Мұндай аралау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.